Қорық аумағында орналасу
Теңіз деңгейінен 1000 метрден 4280 метрге дейінгі биіктікте орналасқан Батыс Тянь-Шань тауларының сілемдерінде орналасқан осы бірегей тау бұрышының табиғаты қайталмас. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен берілген: жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып, аршалы ормандарға өтеді. Құрғақ сай-даладағы бай жазықтар аршалармен астасып, ну тоғайға ауысады. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны.
Біздің бірегей демалыс орнымыз осы Ақсу-Жабағылы деп аталатын қорық айналасындағы тамаша ландшафтта орналасқан.