Бассейн
Біздің базамыздың аумағында үлкен жылытылатын бассейн бар. Бассейндегі суды толығымен сүзу үшін қазіргі заманға сай тазалау жабдық жүйесі орнатылған. Бассейннің жанында, ағаштардың көлеңкесінде 4 сәкі бар. Сәкінің астынан салқын және балғындық сыйлайтын өзен суы ағып жатыр.
Бассейнде жүзу адам ағзасына кешенді емдік әсер етеді. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді. Өйткені жүзу бүкіл денеге массаждаушы және босаңсытушы әсер береді. Жүзу - ұйқысыздыққа қарсы ең жақсы дәрі екендігі дәлелденген. Адамның зейіні мен жалпы эмоционалдық көңіл-күйі жақсарады.
Сондай-ақ ағзаның суыққа қарсы иммунитеті күшейеді, міне сондықтан да бассейнде жүзетін адам ауа райының өзгерістеріне сезімтал және тыныс алу органдарының ауруларына бейім болмайды. Су процедураларының кез-келген жастағы адамға ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ