«Ақсу Жабағылы» демалыс базасы
«Ақсу Жабағылы» демалыс базасы - таңғажайып көрінісімен, бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемімен қызықтыратын, таудың емдік саф ауасы, жарқыраған күн мен мөлдір суы бар аймақ. Бұл, сөзсіз, Қазақстандағы демалуға арналған ең жақсы орындардың бірі! Демалыстан алған әсерлеріңіз бен эмоцияларыңызды сіз өмір бойы ұмытпайтын боласыз!
Демалыс базасы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұрасының биосфералық қорларының желісіне қосылған «Ақсу-Жабағылы» ұлттық мемлекеттік қорығына жақын орналасқан.
Орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылының маңында. Шымкент қаласынан арақашықтығы - 95 км, Тараз қаласынан - 105 км.
«Ақсу-Жабағылы» қорығы Қазақстанның оңтүстігінде ғана емес, бүкіл ел бойынша табиғи кереметтер картасында ерекше орын алады. ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, қорықта аймақтағы құстардың 48% және жануарлардың 72,5% өмір сүреді. Қорық құстарды бақылауға арналған әлемдегі ең үздік орындардың бірі болып саналады және экотуризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие.
Бүлінбеген табиғи ландшафт ортасындағы демалыс, жануарлардың, құстардың және өсімдіктердің керемет әлемі, керемет жаяу және атпен серуендеу көптеген елдерден туристерді осында тартады. «Ақсу Жабағылы» демалыс орнындағы жағдайлар тіпті тіс қаққан туристерге де ұнайды, бұған шет елдерден келген саяхатшылардың көптеген оң пікірлері дәлел бола алады.
Туристер мен демалушылар душ бөлмесімен, әжетхана бөлмесімен, ыңғайлылық үшін тұрмыстық техника мен коммуникациямен жабдықталған 2 және 4 адамдық коттедждерге орналастырылады. Асхана мен мейрамхана бар, ыңғайлы тұрақ қарастырылған.
Барлық демалушыларға күніне үш мезгіл тамақ беріледі, ол жолдама құнына кіреді. «Ақсу Жабағылы» демалыс орны Оңтүстік Қазақстан облысында өз қонақтарына жолдаманың құнына кіретін толық тамақтануды ұсынатын жалғыз демалыс орны болып саналады!
Бос уақытты өткізу үшін белсенді демалыс түрлері, оның ішінде атпен қорық аумағына қызықты серуендеу қарастырылған. Таза бұлақ суымен жылытылатын бассейн, бильярд бөлмесі, белсенді спорт түрлеріне арналған волейбол, бадминтон, теннис алаңдары бар. СПА-процедураларын ұнататындар үшін тау өзені жанында орналасқан орыс орман моншасы бар. Қызығушылық танытқандар спорттық керек-жарақтарды - ракеткаларды, доптарды, дойбыларды, шахматтарды жалға ала алады.
«Ақсу Жабағылы» демалыс орны – толыққанды демалу және табиғат энергиясынан қуаттану мүмкіндігі!
Біздің артықшылықтарымыз