Қоңырауға тапсырыс

+7 7252 53 59 73; +7 7252 53 51 93; +7 775 7881088

Ұлттық тағамдар мен барбекю мейрамханасы

Бүгінде бір дастархан басынан Қазақстанда тұратын көптеген ұлт өкілдерін: орыстарды, татарларды, украиндарды, өзбектерді, ұйғырларды, дүнгендерді, немістерді, корейлерді және т.б. көруге болады. Барлық ұлт өкілдері көптеген жылдар бойы қазақтың ұлттық тағамдарын бағалап, жақсы көріп те кетті.

Біздің мейрамхананың мәзірінде талғампаз дайындалған ұлттық тағамдардың әр түрі бар. Оларды дайындау үшін бұлақтаң алынған тап-таза су ғана пайдаланылады.

• Бешбармақ - түрлі еттен, қамырдан, картоптан, пияздан жасалатын ұлттық тағам. Оны қазанда дайындап, қолмен жейді.
• Қазы – кептірілген немесе ысталған түрінде берілетін, дәмдеуіштермен бірге ішекке салынған жылқы еті.
• Сорпа -  қой еті жаксылап қайнатылған ет сорпасы.
• Қуырдақ - пияз бен дәмдеуіштер қосылып қуырылған қой еті.
• Мәнті – пияз қосылған ет турамасы жұқа қамырға түйелетін тағам.
• Лағман - көкөніс және үй кеспесінен жасалған ет сорпасы.
• Қой еті мен сарымсақ қосылған қазақша палау.

Сондай-ақ мұнда отта шебер дайындалған тағамдар – барбекю ұсынылады. Ыстық, отқа пісірілген, еттен, балық пен көкөністерден жасалған тағамдар керемет дәмі мен хош иісімен ерекшеленеді. Ошақтың хош иісі сізге керемет көңіл-күй сыйлайды, тәбетті арттырып, бүкіл күніңіздің жағымды көңіл-күйде өтуіне кепілдік береді!

Мейрамхананың атақты тағамдарынан дәм тату үшін біздің демалыс орнымыздың демалушысы болудың қажеті жоқ. Қалаған адам мейрамханаға келе алады. Мұнда сіз құдалығыңызды, туған күніңізді және басқа мерекелеріңізді ұйымдастыра аласыз.

Мейрамханамыздың аспазшылары демалыс орнының әкімшілігімен бірге сізге уақытыңызды жағымды өткізіп, асыңыз дәмді болуын тілейді!

Restoran
001
002
YT4E2200 Pano
003
YT4E2215
004
DSC 8567

Сіздің сұрақтарыңыз бар ма?

Байланыс ақпаратыңызды қалдырыңыз, біздің менеджер сізбен байланысады.
1000 ең көп таңбалар